01.03.2018
Омбудсмен Денсаулық сақтау министріне халықты тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету саласында қалыптасқан жағдайға байланысты үндеу салды
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың атына мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек шеңберінде халықты дәрілік заттармен жеткілікті деңгейде және уақытылы қамтамасыз етпеуі туралы азаматтардан келіп түскен шағымдары мен БАҚ-тағы мәлімдемелерге байланысты үндеу салды.
Жоғарыда аталған бағдарлама 2017 жылдың қарашасында Мемлекет басшысының бақылауына алынған еді. Сол жылдың желтоқсанында Үкімет 2018 жылдың 15 ақпанынан 10 наурызға дейінгі кезеңді қажетті дәрілік заттарды жеткізудің басталу мерзімі ретінде анықтады, бұл орталық атқарушы органның аталмыш проблемаға ерекше назарын аударғаны туралы куәландырады.
Ағымдағы жыл басталып-ақ емделушілердің аса осал санаты, атап айтқанда, онкологиялық ауруларға, эпилепсияға, қант диабетіне, гемофилияға шалдыққан тұлғалар ауруханалар мен дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмектердің болмауы проблемасына шалдыққаны Омбудсменнің алаңдатушылығын тудыруда.
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген отырысы коллегиясының барысында науқас адамдарға жеңілдікпен берілетін дәрілік заттарды беру тәртібінің бұзылудың ықтимал фактілері туралы ақпарат айтылды, сондай-ақ жоғарыда аталған фактілерді тексерудің нәтижесі бойынша жағдайды түзету үшін сәуірдің соңына дейінгі мерзім белгіленген еді.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған емделушілердің емделу курстары ұзақ мерзімді және үздіксіз болатынына көңіл бөлу қажет. Дәрі-дәрмектердің қабылдауын тіпті қысқа мерзімге тоқтатқан жағдайда бұл түзелмейтін салдарға әкелуі мүмкін.
Осыған байланысты, белгіленген тексерістердің нәтижелерін күтпей, дәрілік препараттарының қорын толтырып, аталмыш пациент санатының емделу процесін түзеуді қамтамасыз ету бойынша жедел шараларды қабылдау қажет.
Аталмыш мәнмәтінде Денсаулық сақтау министрлігіне Үкімет алдында осы тапсырманы «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес азаматтарды кепіл берілген тегін медициналық көмек көрсетудің көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету үшін жауапкершілік артылған жергілікті атқарушы органдардың іске асыруға бастамашылық ету ұсынылды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметі