Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
23 Сәуір 2018

Біз не істейміз

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл – адам құқықтарын, соның ішінде бала құқықтарын қорғайтын тұлға. Сондай-ақ халықаралық тәжірибеде бұндай тұлғаны омбудсмен деп те атайды.

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз етеді.

Омбудсмен бала құқықтарын ілгерітуге көмектесетін түрлі халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық құруда. Осындай ұйымдарға:
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ)
  • Еуропалық Одақ
  • Халықаралық түрме реформасы және басқа ұйымдар жатады.
2010-2012 жылдары омбудсмен ЮНИСЕФ-пен бірге мектептердегі, балалар үйлеріндегі, интернаттардағы, мамандандырылған балалар үйлеріндегі балалар үшін жасалған жағдайлар туралы білуге көмектескен зерттеулер жүргізді.

Басқа зерттеу балалар адам саудасы саласына қалай ұшырайтыны мен қанаудың түрлеріне қалайша тап болатынын зерттеу үшін өткізілген.

Бұл зерттеулердің нәтижесінде омбудсмен Қазақстандағы балалар жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік органдардың қарауына ұсыным хаттар енгізген еді, тіпті қазіргі таңда белгілі бір қадамдар жасалуда.

Мысалы, қазіргі уақытта Шығыс-Қазақстан облысында мектептер мен интернат мекемелеріндегі қатыгез қарым-қатынасты алдын алу бойынша жоба іске асырылуда.

Төмендегідей сілтеме арқылы сен жүргізілген зерттеулер туралы толығырақ біле аласың

Сондай-ақ , 2013 жылы Қазақстанда ұлттық алдын алу тетігін немесе ҰАТ құру туралы Заң қабылданды. Бұл ересектер мен балаларға арналған жабық мекемелерге (түрмелер, колониялар, мәжбүрлеп емдеуге арналған ұйымдар, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары, арнаулы білім беру ұйымдары, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары) енді аталған мекемелерде адамдарға қатысты қатыгез қарым-қатынасты алдын алу үшін қоғамдық ұйымдардың өкілдері баратынын білдіреді. Қазақстандағы ҰАТ Адам құқықтары жөніндегі уәкіл үйлестіреді.
Яндекс.Метрика