Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
23 Сәуір 2018

Балалар құқықтары

Барлық балалар салауатты және қауіпсіз ортада өмір сүруге құқылы. Бұл үшін әлемнің барлық мемлекеттері балаларды қорғау үшін айрықша шарт жасасты. Бұл шарт Бала құқықтары туралы конвенция деп аталады.

Қазіргі таңда Конвенция ең әмбебап халықаралық құжат болып табылады – яғни оны әлемнің анағұрлым көп елдері ратификациялады. Тіпті әлемнің барлық елдері дерлік оны қабылдады, бұл сенің құқықтарың Қазақстан ғана емес, бүкіл әлемде де танылады деген сөз.

Конвенция – аталған құқықтарды сақтау бойынша елдер арасындағы өзінше бір келісім. Бала құқықтары туралы конвенцияны Қазақстан Республикасы 1994 жылғы 12 тамызда ратификациялады. Бұл біздің еліміз әр балаға Конвенцияда көзделген барлық құқықтарды сақтауға кепілдік беруі керек екенін білдіреді, алайда «ескертіле алатын» екеуін қоспағанда (10 және 37-баптары).

Осы жылы Қазақстанның осы Конвенцияны ратификациялағанына тура 20 жыл толады. Оған Президент Н. Назарбаев АҚШ, Нью-Йоркте 1994 жылғы 16 ақпанда қол қойды.

Балалар құқықтары атап өтілген Бала құқықтары туралы конвенцияның толық мәтіні, сондай-ақ басқа да маңызды құжаттарды сен «Құжаттар» тарауында таба аласың.  
Яндекс.Метрика