Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
18 Қараша 2017

Қымбатты жас досым!

Сені балалар үшін арнайы құрылған интернет-порталда көруге қуаныштымын!

Сен мұнда біздің мекемеміз туралы және біз елімізде балаларды қорғау үшін не істейтініміз туралы пайдалы және маңызды ақпаратты таба аласың.

Сондай-ақ сен біздің сайтта балалар құқықтары саласындағы маңызды құжаттармен, бірінші кезекте, бұл Бала құқықтары туралы конвенциямен танысасың.

Әр бала өз құқықтарын біліп, оларды қорғай алуы керек екенін есіңе сақта. 

Осы сайт саған бұл қадамда көмектесетініне сенемін. 

Асқар Шәкіров
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл

Яндекс.Метрика