Қалыптасу тарихы
Заңнама
Қызметі
Құрылымы
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
Уәкіл мекемесі қызметкерлердің тізімі
Уәкілдің жанындағы консультативтік-кеңесші органдары
Халықаралық ынтымақтастық
Фотогалерея

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Мекеме туралы

Халықаралық ынтымақтастық

Версия для печати Версия для печати

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығының нысаны бірлескен жобалар шеңберінде және меморандумдар жасасу арқылы атқарылатын жұмыс болып табылады. Қазіргі уақытта мынадай жобалар іске асырылуда:

  1. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (Омбудсменнің) қолдау көрсетуі» (Астана қаласындағы ЕҚЫҰ Орталығы қаржыландырады, Адам құқықтары жөніндегі Дат институтімен әріптестікте іске асырылуда).

Жобаның іске асырылуы 2010 жылдың 17 ақпанынан басталды және 16 айға көзделген.

Жоба бар болған жағымды халықаралық тәжірибенің негізінде Қазақстандағы құқық қорғау қызметін әрі қарай жетілдіруде көмек көрсетуді көздейді.

Оны іске асыру шеңберінде, негізінен, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдеріне арналған халықаралық сарапшылардың тартылуымен семинарлар мен тренингтер өткізу, сондай-ақ Уәкіл мекемесінің қызметкерлерін бірқатар еуропалық елдер омбудсмендері офистерінің қызметімен таныстыру көзделген.

  1. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы ынтымақтастық туралы ақпарат.

2010 жылдың 2 наурызында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров пен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) төрағасы Ханаа Сингер Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау және мадақтау саласында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум балалардың құқықтарына мониторинг жүргізу саласында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесінің әлеуетін күшейтуге және балаларға қатысты зорлық актілерін алдын алу мен қарсы әрекет етудің ұлттық жүйесін нығайтыруға бағытталған.

Меморандум екі жыл мерзімге жасалынды.

2011 жылғы 22 маусымда ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров, Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі Ханаа Сингер мен Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы өкілдігінің Өңірлік директоры Сәуле Мектепбаева арасындағы Ұлттық алдын алу тетігінің бөлігі ретінде бала құқықтарына мониторинг жүргізу саласында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың әлеуетін нығайтуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Меморандумның әрекет ету мерзімі 2011-2012 жылдары. 

Аталған ынтымақтастық шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі үкіметтік емес ұйымдарға арналған оқыту тренингтері өткізілді және «Қазақстандағы балалар мекемелеріне мониторинг жүргізу жөніндегі материалдардың жинағы» әзірленді (оқу құрал «Жарияланымдар» тарауында орналастырылған). 

 2012 жылғы 30 қаңтарда ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров, Норвегия Корольдігінің Елшісі Даг Малмер Халворсен мен Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілінің орынбасары Радослав Жехак арасындағы ниеттер туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. 

Ниеттер туралы бірлескен мәлімдеменің мақсаты «Қазақстандағы Омбудсменнің балалықты қорғау жүйесін нығайттыру» жобасы аясында іс-шараларды іске асыру жөнінде үш Әріптестің бірлескен жұмысын ілгерілету болып табылады. 

Ниеттер туралы мәлімдеме 2 жылдық мерзімге қол қойылған. 

2012 жылдың ақпанында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық пен Қазақстандағы ЮНИСЕФ Балалар қорының арасындағы «Отбасыға бағдарланған балалықты қорғау, және Қазақстандағы балаларға арналған әділеттілік» 2012-2013 жылдарға арналған балалықты қорғау жөніндегі екіжылдық жылжымалы жоспарға қол қойылды. 

Жоспардың мерзімі – 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін. 

Аталған ынтымақтастық шеңберінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелерін зерделеу бойынша үш зерттеу жүргізілді. 

2011 жылы жүргізілген алғашқы бірлескен зерттеу Қазақстандағы мемлекеттік интернат мекемелерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне арналған еді. Зерттеу балаларға арналған түрлі интернат мекемелерін қамтыды: 3 жасқа дейінгі балаларға арналған балалар үйлері, балалар үйлері мен интернаттар, әумесерлік мінез-құлығы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары, жасөспірімдер үйі, жетімдер үйі, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларға арналған мекемелер: балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы коррекциялық білім беру ұйымдары. 

Нәтижесінде барлық дерлік балалар мекемелерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың және мекемелерде балалармен жұмыс пен тәрбиелеуді ұйымдастыру әдістерінде айтарлықтай ақаулар бар болғаны анықталды. Зерттеу балалар персонал тарапынан да, басқа балалар тарапынан да зорлық-зомбылықтың түрлі нысандарына: дене, психологиялық, дөрекі тіл тигізіп қорлауға ұшырайтынын немесе олардың куәлары болатынын көрсетті. 

Мысалы, балалар үйлерінде және әумесерлік мінез-құлығы бар балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленушілердің жартысынан көбі балалар арасында зорлық-зомбылықтың куәлары болды (50,4 %); персонал тарапынан зорлық-зомбылық қолдануының куәлары тиісінше 35 % және 41 %-дан аса бала болды. 

Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған коррекциялық білім беру ұйымдарындағы персоналдың 80,4 % және балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелердегі персоналдың 69,4 % мекемелердегі балалар арасындағы зорлық-зомбылықты көргені туралы, және қызметкерлердің жартысынан көбі аталған мекемелердегі қызметкерлердің балаларға қатысты зорлық-зомбылық қолданудың куәлары болғаны туралы мәлім етті. 

Балалар үйлерінде персоналдың 40 %-нан көбі балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың куәлары болған, ал қызметкерлердің 22 % басқа қызметкерлердің тарапынан балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсеткенінің куәлары болғаны туралы мәлім етті. 

2011-2012 жылдары тәуекел жүріс-тұрысға, жыныстық пайдалану мен адамдармен саудаласуға қатысты балалардың осалдығына байланысты екінші бірлескен зерттеу жүргізілді. Зерттеу Астана, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент және Өскеменді қосқанда, Қазақстанның жеті қалаларында жүргізілді. 

Зерттеу шеңберінде 9-17 жас аралығындағы әлеуметтік осал балалармен (259 адам), 11-23 жас аралығындағы жыныстық пайдалануға ұшыраған бойжеткендермен, және жыныстық қызметшілермен (106 адам) және барлық жастағы адаммен саудаласудың құрбандарымен (103 адам) терең сұхбаттасулар өткізілді. Сұралғандардың 60 % әйел жынысты тұлғалар еді. 

Зерттеуді жүргізу үшін келесідей мекемелер таңдалған: ҮЕҰ жанындағы адамдармен саудаласудың құрбандарына арналған баспаналар, кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталықтары, әумесерлік мінез-құлығы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары, дерматология және жыныстық жолмен таралатын ауруларды алдын алу орталықтары, сондай-ақ көшедегі балалар мен адамдармен саудаласудың құрбандарымен жұмыс жасайтын ҮЕҰ. 

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, құрбандардың көбі адамдарды сатумен айналысатын өз жұмыс берушілерімен алданып еңбек құлшылығына түскен. Одан басқа, балалар мен жастар бейтаныс адамдардың алдағанынан еңбек құлшығына душар болған немесе өз ата-анасы қарыз болғаны себебінен құлшылыққа сатып жіберген. 

Зерттеу аясында біз адамдармен саудаласуға түсу бағдарларын айқындадық. Негізінен, зерттеу қалаларындағы адамдармен саудаласуға жақын орналасқан қалалардан және көрші елдерден (Қытай, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Украина) түсетін. 

Сонымен қатар, әлеуметтік осал балалар, адамдармен саудаласудың құрбандары және жыныстық қызметшілер тартылатын келесідей тәуекел жүріс-тұрыс нысандары анықталды: ішімдікті ішу (54 %); есірткі қолдану (10,8 %); қорғансыз жыныстық байланыс (36 %); өзін өзі зақымдау және өзіне өзі қол жұмсау қылығы (27 %). 

Сондай-ақ сұхбаткерлер полицияға жүгіну оқиғалары туралы мәлім етті. Құқықтық тәртіп органдарына жүгінгендердің 40 % полицияның олардың шағымдарына қатысты қолданған іс-әрекеттеріне қанағаттанбады. 

Сұхбаткерлердің жалпы санының 31 %-нда психологиялық проблемалар болғаны анықталды, олардың 38 % тиісті қызметтердің көмегін алды. 

2012 жылы жалпыға білім беру мектептеріндегі балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін зерделеу мақсатында үшінші зерттеу жүргізілді. Зерттеу Қазақстанның 4 өңірінде шамамен 40 қалалық және ауылдық мектептерін қамтыды. 

Аталған зерттеуден алынған қорытындылар мектептегі зорлық-зомбылық айтарлықтай маңызды проблема екенін көрсетеді. 

Сауалнамаға жауап берген 4207 баланың ішінен 64 % куәлар және 45 % балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың төмендегідей нысандарының құрбандары болған: психологиялық және күш көрсету, жыныстық сипаттағы пікірлер мен қысым көрсету, бопсалаушылық, кибербуллинг, құрдастар тарапынан қорқытушылықтар, кемсітушілік, дене жарақаттарын келтіру. 

Оқушылардың 24 % ұстаздары тарапынан зорлық-зомбылық пен кемсіту оқиғалары туралы мәлім етті. 

Қазіргі уақытта елдің бір облысында аталған зерттеудің нәтижелері мен ұсынымдары бойынша мектептердегі зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша үлгілік бағдарламасының бастамасы қаланды. 

Барлық үш зерттеу басқа балалар тарапынан да, ересектер тарапынан да балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен немқұрайлы қатынасы салдары болмашы жарақаттардан денеге зақым келтіру актілері мен өзіне өзі қол жұмсау әрекетіне (әсіресе жасөспірімдік кезеңде) ауысып кетуі мүмкін екенін көрсетті. 

Сондай-ақ балаларға арналған интернат мекемелеріндегі қызметкерлердің 40 %-нан астамы, ұстаздардың 20 % заңнамалық тыйымға қарамастан, балаларға қатысты дене жазалауларын қолдануды қолдау фактісі айрықша қамкөңілдікті туғызуда. 

БҰҰ Балалар құқықтары жөніндегі конвенцияға сәйкес, қатысушы-мемлекеттер зорлық-зомбылықтың барлық нысандарынан балаларды қорғау бойынша қажетті шараларды қолдану қажет. 

Сондықтан әрбір зерттеу қорытындысы бойынша интернат мекемелерінде, мектептер мен басқа да балалар мекемелерінде балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандарына заңнамалық тыйым салуға; зорлық-зомбылықты болдырмау мен оған жауап қайтаруға; еңбек және жыныстық пайдалану мақсатында балалармен саудаласуын алдын алуға; құрбандарды уақытылы қорғауға; жыныстық пайдалану мен балаларды сатуға кәмелетке толмағандарды тарту үшін жазалауды күшейтуге; балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары, олардың қашуы мен денеге зақым келтіру мен өзіне өзі қол жұмсау актілері туралы міндетті түрде ақпараттандыруға; жалпы қоғамның зорлық-зомбылықты қолдануға көз-қарасын өзгерту үшін мекемелердің қызметкерлеріне арналған және қауымдастық арасында мәлімет беретін және коммуникациялық жұмыс жүргізуге бағытталған ұсынымдар әзірленді. 

Зерттеу нәтижелері мен ұсынымдары Қазақстандағы балалықты қорғау жүйесін нығайту бойынша жұмысында пайдалану мен тиісті шараларды қолдану үшін Парламент депутаттарына, мемлекеттік органдарға, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынылған еді.




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Создание веб-сайта финансируется Проектом Европейского Союза «Усиление учреждения Омбудсмена в Казахстане»
Сайт разработан студией «Style.KZ», 2006
Яндекс.Метрика