Қалыптасу тарихы
Заңнама
Қызметі
Құрылымы
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл
Уәкіл мекемесі қызметкерлердің тізімі
Уәкілдің жанындағы консультативтік-кеңесші органдары
Халықаралық ынтымақтастық
Фотогалерея

Мекен жайымыз:
Қазақстан Республикасы, 010000,
Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,
Министрліктер үйі, 15 кіре беріс
тел.: (7172) 74 01 69, факс: 74 05 48

info@ombudsman.kz
ombudsman@ombudsman.kz
ombudsman-kz@mail.ru

 
 Мекеме туралы  
 Уәкілге шағымдар 
 Құжаттар және басылымдар 
 Бала құқықтары 
 Сайттың қонақтарына 
 Жаңалықтар 
 Сайттың картасы 

Мекеме туралы

Қызметі

Версия для печати Версия для печати

Бұл құрылым адам құқықтарын мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қол сұғуынан қорғауды, заңнаманың және құқық мирасқорлығы тәжірибесінің дамуын қамтамасыз етуді, ағартушылық бағдарламаларды дайындап, оларды жүзеге асыруды мақсат тұтады. Омбудсменнің жұмысы БҰҰ-ның бірқатар конвенцияларын ратификациялаған Қазақстан Респубикасының халықаралық міндеткерліктеріне және осыған ұқсас құрылымдардың әлемдік тәжірибесіне сай атқарылады. Сонымен қатар, Омбудсмен үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара тығыз қарым-қатынас орнатады. Омбудсмен жұмысының негізгі қағидалары: жариялылық, әділдік және бейтараптық.

Омбудсмен жұмысының бұл қағидалары ҚР заңнамасында айқын белгіленген. Омбудсменнің құрылуы ұлттық құрылымдардың мәртебесі туралы Париж Қағидаларына сай келеді.

Заңға сәйкес, Омбудсменді ҚР Президенті ҚР Парламенті комитеттерімен кеңескеннен кейін тағайындайды. Бұл Омбудсменнің Қазақстандағы саяси-қоғамдық деңгейінің жоғарылығын көрсетеді. Өйткені, Омбудсмен болуға үміткерлердің кандидатурасын талқылауға және тағайындауға әрі Президент, әрі Парламент мүшелері қатысып отырады. Омбудсменнің жұмыс істеу мерзімі заңнамада бекітілгендей – 5 жыл. Және де бұл оның тәуелсіздігінің кепілі бола алады.

Омбудсменнің өкілеттігін заңнамада бекітілген жағдайларда Президент қана тоқтата алады. Мәселен, өзінің міндеткерліктерін орындауға денсаулық жағдайы келмейтін кезде, ҚР азаматтығын жоғалтқан кезде, айыпты деп табылатын болса және басқа да жағдайларда. Оның өкілеттігін тоқтатуға себеп болатын жағдайлардың тізімі толықтай заңнадама бекітілген. Одан басқа себептер Омбудсменнің өкілеттігін тоқтата алмайды. Бұл – оның орнынан себепсіз алынбауының және тәуелсіз қызмет атқаруының кепілі.

Сонымен қатар, заңнамада бекітілгендей, Омбудсмен тәуелсіз, және оның іс-әрекетіне қол сұғуға тыйым салынған. Ол ешкімнің алдында жауап бермейді. Омбудсмен өзінің жұмысын Адам құқықтарын қорғау жөніндегі Ұлттық Орталықтың негізінде атқарады. Бұл – атқару органы. Омбудсмен Орталықтың директорын және қызметкерлерін тағайындайды, Орталықтың Жарғысын дайындайды. Бұл Омбудсменнің әкімшілік өкілеттіктерінің кеңдігін және жоғары қоғамдық-саяси мәртебесін көрсетеді.

Заңға сәйкес, Омбудсменнің жұмысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Бұл да – оның тәуелсіздігінің кепілі.

Ерекше атап өтетіні – Омбудсмен ешкімнің алдында жауап бермейді және оның жұмысына қол сұғуға тыйым салынады. Бұл ереже Париж қағидаларына және әлемдік тәжірибеге сай болып келеді. Сондай-ақ, бұл Қазақстандағы жаңа құрылымның тәуелсіздігін тағы да дәлелдейді.

Адам құқықтарын қорғап-қолдауда Омбудсмен көптеген өкілеттіктерге ие. Бұл жерде ҚР азаматтары ғана емес, сондай-ақ ҚР-да тұрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жайында сөз болып отыр. Өзінің іс-әрекеті аясында Омбудсмен құқылы:
Кез келген адамның құқықтарын мемлекеттің лауазымды тұлғалары бұзған жағдайда, тергеу бастауға; Қылмыс бойынша арыз келіп түссе де, түспесе де Омбудсмен тергеу бастауға құқылы. Осылайша, Омбудсмен өз еркімен тергеуді бастауына болады.
Адам құқықтарының бұзылуы бойынша басталған тергеудің жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету үшін іс-шара қабылдауға; Мәселен, ол мемлекеттің барлық деңгейлі лауазымды тұлғаларымен қажет жағдайда кездесуге, қажетті мәліметті талап етіп, алуға, мемлекеттік мекемелердің кез келгеніне, соның ішінде, әскери бөлімшелер мен күдікті ұсталатын құқық қорғау органдарының ғимаратына еркін кіріп-шығуға құқылы.
Адамның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін мемлекеттің лауазымды тұлғаларына кеңестер беруге; Мемлекеттің лауазымды тұлғалары қабылданған іс-шаралар жайында бір ай ішінде жауап беруі тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде өзінің тұжырымдары жайында жариялауға;
Қажет деп тапқан жағдайда Омбудсмен ҚР Президенті мен ҚР Үкіметіне шағым айтып, жолдау жазуға;
ҚР-дағы заңнама негізін жетілдіру, оның халықаралық стандарттарға сай келуін қамтамасыз ету ісіне атсалысуға;
Халықаралық ынтымақтастықтың дамуына үлес қосуға;
Білім беру бағдарламалары, ақпараттық шаралар және басқа да әрекеттер арқылы адам құқықтарын қорғау саласында ынталандыру жүйесін дамытуға құқылы.

Сөйтіп, Омбудсмен өз құзыретіндегі кез келген істі еркін қарастыруға, куәгерлерден жауап алуға, қажетті ақпаратты талап етуге, қоғамдық пікірге жүгінуге хақысы бар. Өз іс-әрекетінің шеңберінде Омбудсмен, сондай-ақ, сарапшылар кеңесін құрып, жұмысқа мамандарды, сарапшыларды және халықаралық ұйымдарды қатыстыруға құқылы.

Омбудсменнің аталған барлық өкілеттіктері мен мүмкіндіктері заң жүзінде бекітілген. Және ол Омбудсмен жұмысының пәрменділігінің, әрі адам құқықтарының бұзылуына тікелей немесе жанама қатысы бар оқиғаларды әділ бағалаудың кепілі болып табылады.

Омбудсмен өкілеттіктерінің кеңдігі, оның тәуелсіздігі мен ешкімнің алдында жауап бермеуі, саяси-қоғамдық мәртебесінің жоғарылығы, сондай-ақ, ұйымдастыру, құқықтық, қаржылық жағынан қамтамасыз етілуі Омбудсмен жұмысының кепілі болып табылады. Сонда ғана Омбудсмен адам құқықтары мен еркіндіктерін қорғауда қалыптасқан жағдайды жақсартуда, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда үлкен жетістіктерге жете алады. Бұл жерде Омбудсмен институтының Ұлттық құрылымдар жөніндегі Париж қағидаларына сәйкес келетінін тағы бір мәрте айтып өту керек.

Қазақстанда Омбудсмен жұмыс істей бастаған алғашқы жылдар ең күрделі әрі көп нәрсені шешетін уақыт болды. Өйткені, бұл – еліміздегі мүлдем жаңа құрылым. Сондықтан, оның пәрменділігі жұмыстың нәтижесіна қарай бағаланады. Бұл құрылым адам құқықтарын қорғаудың пәрменді құралына айналу үшін халық тарапынан танылып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеуі қажет.




 
Kaz Rus Eng

ПОИСК
   



Бала ???ы?тарын ?ор?ау ж?ніндегі портал
 
Веб-сайтты жасау «Қазақстанда Омбудсмен мекемесін күшейту» Еуропалық Кеңес проектімен қаржыландырылған
Сайтты техникалық қолдау «Cosmoweb» - Астанада сайт жасау студиясымен ұсынылған
Яндекс.Метрика